Алматыдағы балалар үйін көшіру дауы: үш шенеунік қызметінен босатылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 12 тамыз, 2025
- 463
Алматыдағы балалар үйінен тәрбиеленушілерді Қонаевқа көшіру кезінде туындаған дауға байланысты Алматы облысы әкімінің орынбасары және екі басқарманың басшысы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz baq.kz сілтеме жасап.
Облыстық білім басқармасының жауабына сәйкес, ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша облыс әкімінің орынбасары Болат Күреңбеков қызметінен босатылды.
Сондай-ақ білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаева мен ішкі саясат басқармасының басшысы Ерік Әбітов қызметтерінен кетті. Облыс әкімінің бірінші орынбасарына қатаң сөгіс жарияланды, - деп хабарлады басқармадан.
Болат Күреңбеков 2024 жылдың тамыз айынан бері әкімнің орынбасары қызметін атқарды.
Салтанат Беспаева 2022 жылдың маусымынан бері білім басқармасын, ал Ерік Әбітов 2024 жылдың сәуірінен бері ішкі саясат басқармасын басқарған.





