Алматыдағы перзентхана Қазақстандағы ең үздік медициналық мекеме атанды
- авторjambylinfo.kz
- 18 наурыз, 2025
- 83

Алматы қаласындағы №2 Қалалық перинаталдық орталық 2024 жылдың қорытындысы бойынша еліміздегі перинаталдық орталықтар мен перзентханалар арасында үздік деп танылды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Рейтингті жасау барысында 14 клиникалық көрсеткіш, медициналық мекемелердің аккредитациясы және негізді шағымдардың саны ескерілді.
Аталған орталық тек рейтингтің көшбасшысы атанып қана қоймай, науқастарды қабылдау мен қауіпсіздік стандарттарын сақтауда үлгілі мекеме ретінде танылды.
Еліміздегі үздік перзентхана 1937 жылдан бері жұмыс істеп келеді және 80 жылдан астам уақыт бойы сапалы медициналық қызмет көрсетіп келеді. 2022 жылы ол перинаталдық көмекті өңірлендірудің үшінші деңгейіне ауыстырылып, қызмет көрсету аясын кеңейтуге мүмкіндік алды.
Сонымен қатар, Алматы әкімдігі орталықты жаңғыртуды жоспарлап отыр. Жақын арада жаңа ғимараттың құрылысы басталып, ескі корпус толықтай бұзылады.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз