сәрсенбі, 2 қазан, 2024 19:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Алматыда ұйымдасқан топ жаңа туған нәрестелерді сатумен айналысқан

Алматыда ұйымдасқан топ жаңа туған нәрестелерді сатумен айналысқан
ашық дереккөзі
Алматыда ұйымдасқан топ жаңа туған нәрестелерді сатумен айналысқан
Алматы қаласының тәртіп сақшылары жаңа туған сәбилерді сату фактілерін анықтады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен брифинг барысында баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат . «Алматы қаласында полиция қызметкерлері жедел-алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында заңсыз асырап алу мақсатында жаңа туған балаларды сату фактілерін анықтады. Алдын ала сөз байласқан адамдар тобы өздерінің балаларынан бас тартқысы келетін жүкті әйелдерді және баласы жоқ отбасылық жұптарды іздестірумен, сондай-ақ балалардың туу туралы жалған куәліктерін дайындаумен айналысқаны анықталды. Аталған факті бойынша кәмелетке толмағандарды сату бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп мәлім етті баспасөз қызметінің өкілі. Сондай-ақ бүгінгі брифинг барысында Шұғыла Тұрлыбек жезөкшелік қызмет көрсеткен 20-дан астам притон анықталғанын айтқан болатын. Оның мәліметінше, Шымкентте кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген қылмыстық топ ұсталды. Бұдан бөлек, өткен аптада есірткі зертханасын ұйымдастырып, іздеуде жүрген күдікті қолға түскен. Жалпы жыл басынан 23 есірткі зертханасы әшкереленген.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар