
Соттың мәліметінше, ол жеке тұрғын үйлерге арналған жерлерде көпқабатты тұрғын үй кешендерін салуға заңсыз рұқсат берген. Оның есесіне, жеңілдетілген шарттармен пәтерлерді туыстарына рәсімдеген, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Заңсыз салынған тұрғын үй кешендерінің қатарында "Династия", "River Park", "Elite Life" және "Jetisu Park" кешендері бар. Мысалы, "River Park" тұрғын үй кешенінде Ахмеджановтың күйеу баласы 31,5 миллион теңге тұратын пәтерді 9,6 миллион теңгеге сатып алса, әкесі "Elite Life" кешенінен пәтер мен автотұрақ алған.
Істе сондай-ақ экс-шенеуніктер мен "Ақ Жол" партиясы депутатының есімі де аталады. Олар қалалық жерлерді арзан бағамен сату ісіне қатысы бар деп танылды. Сот Ахмеджановтың кінәсі дәлелденгенін хабарлап, оны орташа қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеге қамауға алу туралы шешім шығарды.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз