Алтыннан үмітті Асланбек Шымбергенов алғашқы айналымда сүрінді
- авторjambylinfo.kz
- 28 шілде, 2024
- 652
Бокстан ұлттық құраманың капитаны, 71 келі салмақта ел намысын қорғаған
Асланбек Шымбергенов Париж олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп, жарысты аяқтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Өкінішке қарай, Асланбек Шымбергенов иорданиялық боксшы Зейад Ишайштаннан 2:3 есебімен жеңілді.
Жекпе-жек қортындысы бойынша бес төрешінің үшеуі жеңісті иорданиялық боксшыға берген.
Осылайша жамбылдық жампоз жарыс жолынан шығып, олимпиаданы аяқтады.
Асланбек Шымбергенов журналистерге берген сұхбатында рингте қолынан келгенін жасағанын, қарсыласын жеңуге барын салғанын атап өткен.
Айта кетейік, Жамбыл боксы кейінгі 20 жылдан бері Олимпиаданың алтын жүлдесіне қол жеткізе алмай келеді. 2004 жылы Афины олимпиадасында Бақтияр Артаев алтыннан алқа тағып, Баркер кубогын қанжығасына байлап қайтқан болатын.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз