дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 6:21

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Аналық жүрегімді түсінулеріңізді сұраймын". Бишімбаевтың анасы сотта өтініш жасады

"Аналық жүрегімді түсінулеріңізді сұраймын". Бишімбаевтың анасы сотта өтініш жасады
коллаж jambylinfo.kz.
Бүгін экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша 11-ші сот отырысы өтті. Сотта Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбекова алғаш рет сөйледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Сотта Бишімбаевтың адвокаттары сот медициналық сараптаманы Ресейдегі ең білікті мамандарға жасатқандарын айтты. Алайда прокурор Айжан Аймағанова оны істен мүлде алып тастау жөнінде судья Айжан Құлбаеваға өтініш жолдады. Аймағанованың сөзінше, Бишімбаев тарапынан басқа жеке сараптама жасалып жатқанынан құзырлы органдар мүлде білмеген.

Осы ретте Бишімбаевтің қорғаушысы Назкен Құсайынова құқықтық көмек жайлы халықаралық конвенцияны алға тартқан.

– Бізде құқықтық көмек жайлы халықаралық конвенция бар. Оған сәйкес, келіскен азаматтар кедергісіз соттарға, прокуратураларына, сарапшыларына жүгіне алады. Гаага, Минск конвенцияларына сәйкес, мен өз құқығымды пайдаланып, заңгерлік көмек үшін осындай құжаттармен жұмыс істей аламын, – дейді Назкен Құсайынова.

Осы кезде Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбекова сараптама қорытындылары істен алынып тасталса, өз ұлының қорғанғысы келетін конституциялық құқығы шектеледі деп есептейтінін айтты. Бірақ, істен сараптама қорытындысын алу немесе алмау жөнінде судья әлі шешім шығарған жоқ.

– Сол себепті соттан, прокурордан, алқа билерден, жәбірленуші тараптан ана ретінде жүрегіммен мені түсінуді сұраймын, - деді Альмира Нұрлыбекова

 

 

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар