«Анамыз небәрі 45 жасында өмірден озды»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі неге қатты жылады
- авторМағжан Орынбасар
- 3 маусым, 2024
- 863
Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқан әлеуметтік желіде «Ана» атты әнді шырқап, өз анасын еске алып, көз жасына ерік берді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Ол Кеңес Әлімжанның ана туралы әнін орындады. Мөлдір Мұқан алты баланы өмірге әкелген анасының ғұмыры келте болып, 45 жасында өмірден озғанын еске алды.
«Анамның күліп отырып жылай салатыны, жылап отырып күле салатыны есімде.Түсінбей, жүзіне қарап отыратын едім. Сөйтсем, есейгенде өзің де сондай болып кетеді екенсің ғой. Анам да өз анасын сағынған-ау деп қазір көп ойлаймын. Ана туралы ән болсын, әңгіме болсын, анам толқып отырушы еді. Әркімнің сағынышы өз ішінде ғой. Біз де жинала қалсақ, көз жанарымыз жасқа толатын кездер көп, анамыз небәрі 45 жасында өмірден озды. Фотолары да аз. Жақында бір іс-шара болғалы жатыр еді, бар фото,видеоларды ақтарып отырып, жүрегім толқып, тамағыма жас тығылып отыр. «Мама, мен сені жақсы көремін» деп айтқым келеді, құшақтап, кеудесіне басымды қойып, құшағына тығылғым келеді»,- деді ол.