Антикор “Алматы тазалық” басшысын ұстады
Алматы қаласы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Алматы тазалық» директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу бастады. Ол сот санкциясымен қамауға алынды, деп хабарлайды Жамбылинфо.
Антикордың ақпаратына сүйенсек, ол мердігер ұйым өкілінен 2,7 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген.
“Бұл сома орындалған жұмыстардың актілеріне қол қоюға, мемлекеттік сатып алулар бойынша қосымша келісімшарттар жасауға және жалпы қамқорлыққа арналған”,-деп хабарлады Антикор.
Естеріңізге сала кетейік, күні кеше Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі “ҚазАвтоЖол” компаниясының Жамбыл облыстық филиал директорының орынбасарын қолға түсірген болатын.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024