Апат болған аймақтардан 100 мыңға жуық адам құтқарылды
- авторМағжан Орынбасар
- 11 сәуір, 2024
- 575
Мәліметтерге сүйенсек, бүгінге дейін су басқан елді мекендерде 8,8 млн. м3 еріген қар суы сорылған. Сонымен қатар, 1,4 млн. астам қапшық және 1,1 млн. тонна инертті материал төселген. Төтеншеліктер төтенше жағдай жарияланған аумақтан 100 мыңға жуық тұрғынды қауіпсіз жерге көшірген.
"11 сәуір сағат 10.00 жағдай бойынша азаматтық қорғау қызметі су тасқынынан 97 мыңнан аса адамды эвакуацияланды. Оның – 32 мыңнан астамы бала. Қазір уақытша орналастыру пунктерінде 7 173 адам бар. Оның – 3494 мыңы бала",- делінген төтенше жағдайлар министрлігі таратқан хабарламада.
Айта кетейік, еліміздің 8 өңірінде Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ұлытау, Ақмола, Қарағанды, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарында жергілікті деңгейдегі 29 төтенше жағдай жарияланған.
Ұқсас жаңалықтар
Анаға тағзым орталығында жеңімпазбен кездесу өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024
25 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024