Жаңалықтар
"Қар аралас жаңбыр жауады: 12-14 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы жарияланды
- авторjambylinfo.kz
- 12 қыркүйек, 2023
- 499
"Қар аралас жаңбыр жауады: 12-14 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы жарияланды
12-14 қыркүйекте республиканың көп бөлігінде күн құбылмалы болады, – деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш күнде Қазақстанда күшті жел соғып, күн күркіреп, жаңбыр жауады. 12 қыркүйекте республиканың солтүстік-батыс, солтүстік, орталық және шығысында нөсер жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда түнде қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін.
Солтүстік-батыста ауа температурасы күндіз 13-23 градустан 15-25 градусқа дейін, солтүстікте 10-15-тен 12-17 градусқа дейін, орталығында 10-23 градустан 12-23-ке дейін көтеріледі. Негізгі ауа температурасы күндіз батыста 18-25 градус, оңтүстікте – 22-30, оңтүстік-шығыста – 18-27, таулы аудандарда – 7-12 градус жылы болады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Танымал актер 30 жылға бас бостандығынан айырылды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Конституциялық комиссияның төрағасын қабылдады
- авторСадуақас Айсұлу
- 27 қаңтар, 2026




