Қар, жаңбыр, қатты жел: Синоптиктер ауа райын болжады
- авторСадуақас Айсұлу
- 9 қараша, 2025
- 791
Атлант мұхитынан жеткен циклонның әсерінен алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз сипат алады. Синоптиктердің хабарлауынша, еліміздің көп өңірінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ пен төменгі бұрқасын күтіледі. Сондай-ақ желдің күшеюі байқалмақ.
Тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығыс аймақтарында ғана жауын-шашынсыз, салыстырмалы түрде ашық ауа райы сақталады.
Ауа температурасы да аймақтар бойынша әртүрлі болады:
Батыс өңірлерде күндіз +5...+15°С шамасында;
Солтүстік-батыста 0...+10°С аралығында;
Солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда -3...+2°С;
Оңтүстік және оңтүстік-шығыста +5...+15°С деңгейінде болжанады.
Мамандар жолдарда абай болуға және көлік жүргізу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді, себебі көктайғақ пен жел көлік қозғалысына кедергі келтіруі мүмкін.
Қазгидромет мәліметінше, мұндай құбылмалы ауа райы аптаның ортасына дейін сақталады.
Алматыдағы балалар үйінен өрт шықты
Ұқсас жаңалықтар
Швецияда жойқын дауыл салдарынан екі адам қаза тапты
- авторАяжан Дәулетбекқызы
- 28 желтоқсан, 2025
Қазақстан ТЖМ ұшағымен бала жедел түрде ауруханаға жеткізілді
- авторАяжан Дәулетбекқызы
- 28 желтоқсан, 2025






