....

....

сенбі, 24 ақпан, 2024 6:13

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Қар жауып, көктайғақ болады: Жамбыл облысында ауа райына қатысты ескерту жарияланды

Қар жауып, көктайғақ болады: Жамбыл облысында ауа райына қатысты ескерту жарияланды
ашық дереккөзі
Қар жауып, көктайғақ болады: Жамбыл облысында ауа райына қатысты ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 14 қаңтарда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), 15 қаңтарда түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты қар күтіледі. 14 қаңтарда облыстың таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Ал оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 14-16 қаңтарда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 14 қаңтарда облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Тараз қ.: 15 қаңтарда түнде қатты қар күтіледі. 16 қаңтарда кей уақытта тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, 14 қаңтарда екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі.   

Құрметті азаматтар! Қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамыз. Ең басты және сенімді ереже — нашар көріну және көктайғақ кезде жолға шығудан бас тарту қажет екендігін еске саламыз. Егер, сапарды кейінге қалдыру мүмкін болмаған жағдайда, нашар көріну жағдайында қауіпсіз жүрудің негізгі кепілі жылдамдық режимін төмендету екенін есте ұстаған жөн.

Өрт немесе төтенше жағдай туындағанда жедел түрде"101" немесе "112"нөмірлеріне қоңырау шалыңыздар.

Мінез-құлық ережелері туралы ақпарат алу үшін "Darmen"тегін қосымшасын пайдалануды ұсынамыз.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Ұқсас жаңалықтар