дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 20:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қарағанды облысында 1500-ден астам адам дала өртін сөндіруге қатысты

Қарағанды облысында 1500-ден астам адам дала өртін сөндіруге қатысты
ашық дереккөзі
Қарағанды облысында 1500-ден астам адам дала өртін сөндіруге қатысты
Қарағанды облысында табиғи өрт ошақтары жойылды. Дала өрттерін сөндіруге 1540 адам қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат . Бір апта ішінде Қарағанды облысында күрделі өрт қауіпті жағдай қалыптасты, соның салдарынан облыстың 5 ауданының аумағында: Бұқар Жырау, Шет, Қарқаралы, Нұра және Ақтоғай аудандарында табиғи өрттер мен жанудың көптеген ошақтары тіркелді. Мұның себебі облыстың барлық аумағында ауа температурасының жоғарылауы болды. Өртті сөндіру 20 м/с дейінгі қатты екпінмен және кей аймақтарда таулы жерлер болғанымен қиындады. «Жедел әрекеттердің арқасында барлық ошақтар жойылды. Табиғи өрттерді жоюға барлығы 1540 адам және 461 бірлік техника жұмылдырылды, оның ішінде: Қарағанды облысы ТЖД 307 адам және 73 бірлік техникасы, өртке қарсы ерікті құралымдар және жергілікті тұрғындар – 1100 адам 358 бірлік техника, 133 адам және 36 бірлік техника орманшылық ұйымдарының техникасы. Қазіргі уақытта жағдай тұрақтанды», - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар