Қазіргі уақытта «Қауіпсіздігі төмен мекемеде тұтқынның жүрген жерін анықтау үшін жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Бұл іске түзеу мекемесінің жеке құрамы мен Қарағанды облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жеке құрамы жұмылдырылды»», - деп хабарлады Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің өкілдері. Ақпараттық агенттіктің мәліметінше, кеше тұтқын жұмыс орнынан оралмаған.
Колониядан қашып кеткен жігіттің суреті мен белгілері жарияланды. Жазасының аяқталуын күтпей, қашып кеткен тұтқын үш айдан кейін босатылуы тиіс еді.Оның аты-жөні Ошанаев Жандос. 1992 жылы туған. Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 1, 2, 3-тармақтары бойынша аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін жазасын өтеп жатқан. Теміртау қаласында туыстары бар. Бойы - 175 сантиметр. Салмағы - 73 келі. Орта денелі, шашы қара, көзі қоңыр. Сол жақ қолында 4,5 сантиметр күйік тыртығы бар. Оң қолының ортаңғы саусағында сақина түріндегі татуировкасы бар.
Сотталушы жайлы мәлімет білетіндер Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД-ның 87212 30 00 21 нөміріне немесе полицияның 102 нөміріне хабарласуы тиіс.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
«Қазақфильмнің» вице-президенті сотталды
Ұқсас жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024