....

....

сенбі, 24 ақпан, 2024 2:21

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Қарағанды облысының Топар кентінде сібір жарасы пайда болды

Қарағанды облысының Топар кентінде сібір жарасы пайда болды
ашық дереккөзі
Қарағанды облысының Топар кентінде сібір жарасы пайда болды
Қарағанды облысының Топар кенті карантинге жабылды. Елде мекенде сібір жарасы анықталды, деп хабарлайды Жамбылинфо Kazinform сайтына сілтеме жасап..
Бүгін таңертең Топар кентінің әкімдігі жергілікті тұрғындарға елді мекеннің карантинге жабылғанын хабарлады. Билік өкілдерінің мәлімдеуінше, ауылда сібір жарасы анықталған. Сол себепті кентке Абай қаласынан кіре берістегі көліктерді санитарлық өңдеуге арналған бағана орнатылған. Карантиндік талаптарды сақтау үшін ауылға Жартас ауылы жақтан келетін екінші кіреберіс те уақытша жабылған.
«Мал мен сүт өнімдерін әкелуге және әкетуге, мал союға және аумақтан жемшөп пен жемшөп қоспаларын әкетуге тыйым салынады. Аулалардың бірінде сібір жарасының анықталғандығына байланысты осы шаралар жүзеге асырылуда. Барлық қажетті ветеринариялық және санитариялық - эпидемиологиялық іс-шаралар жүргізіледі. Жағдай уәкілетті қызметтердің бақылауында», - деп мәлімдеді Топар кентінің әкімдігінде.
Жергілікті билік халықтан дүрбелең тудырмауын өтініп, қандай да бір сұрақтар туындаса келесі телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды: (72131) 44800, 87780090090
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Ұқсас жаңалықтар