Жаңалықтар
Қарағандыда атыс болып,полиция қызметкері жарақат алды
- авторjambylinfo.kz
- 24 қыркүйек, 2022
- 527
Қарағандыда атыс болып,полиция қызметкері жарақат алды
Әлеуметтік желілерде кеше Қарағандыда болған атыстың видеосы тарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат .
Көшедегі бейнебақылау камераларынан алынған видеодан белгілі болғандай, атыс Қарағандының Оңтүстік-Шығысында Тәттімбет көшесінде басталған.
«ВАЗ 2114» автокөлігінде болған шабуылдаушылар «BMW X6» көлігіне оқ ата бастаған. Сондай-ақ, көлік тұрағынан жолға шыққанда, «ВАЗ 2114» жүргізушісі өтіп бара жатқан көлікті соғып өтіп, ізін суытпақшы болған.
Осы уақытта оқ астында қалған жол талғамайтын көлік жүргізушісі кері бұрылып, шабуылдаушыларды қуа жөнелген.
Тәртіпсіздіктер кезінде қылмыскерлерді ұстауға тырысқан полиция қызметкері жарақат алды. 27 жастағы күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта ол тергеуге алынды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Қазақстанда “Жасанды интеллект туралы“ жаңа заң күшіне енді
- авторСадуақас Айсұлу
- 18 қаңтар, 2026
Жаңалықтар
ТЖМ Крещение шомылуы кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы ескертті
- авторjambylinfo.kz
- 18 қаңтар, 2026






