
2024 жылдың қазанынан 2025 жылдың қаңтарына дейін Солтүстік Арал теңізіне 1 млрд текше метр су жіберілді, бұл жоспарланған көлемнен 100 млн текше метрге артық, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ал 2025 жылдың соңына қарай теңіздегі су көлемі 23,4 млрд текше метрге дейін артады деп күтілуде.
Қызылорда облысының күріш алқаптарын лазерлік жоспарлау және су үнемдеу технологияларының арқасында 200 млн текше метр су үнемделіп, Солтүстік Аралға қосымша су жіберуге мүмкіндік берілді. Сонымен қатар, гектарына 40-55 центнерден 70-80 центнерге дейін өнімділік артты.
Үлкен Арал теңізінің тартылған аумағын қалпына келтіру мақсатында 4,4 млн көшет отырғызылды. Ал 2025 жылдың соңына қарай Арал теңізі табанын көгалдандыру жұмыстарының жалпы көлемі 1,1 млн гектарға жетеді.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз