Жаңалықтар
Арендалық тұрғын үй бағаларының өсуінен өз азаматтарымыз қиын жағдайға тап болып отыр-Премьер-Министр
- авторjambylinfo.kz
- 27 қыркүйек, 2022
- 162
Арендалық тұрғын үй бағаларының өсуінен өз азаматтарымыз қиын жағдайға тап болып отыр-Премьер-Министр
Көршілес елден келген мигранттар белгіленген заңнама аясында ғана еңбек ете алады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат .
«Кеше Үкіметтің көші-қон мәселелеріне қатысты өткізген жиналысындағы мәліметтерге байланысты қоғамда дұрыс түсінбей жатқандар бар. Осыған орай айтайын дегенім - шетел азаматтарына заң аясында қызмет көрсетіледі. Біз халықаралық міндеттерімізді орындай отырып, өз еліміз бен халқымыздың мүддесінен жоғары құндылық жоқ екенін ұмытпауымыз қажет. Ең маңызды мәселенің бірі – құқықтық тәртіп пен қауіпсіздік. Сонымен бірге арендалық тұрғын үй бағаларының өсуінен өз азаматтарымыз қиын жағдайға тап болып отыр», - деді Әлихан Смайылов.
Үкімет басшысы жауапты органдар тұрғын үй нарығындағы ахуалды тұрақтандыру бойынша тиісті шараларды қабылдау қажеттігін баса айтты.
«Оны біз кеше айттық. Еңбекпен қамту бойынша ең алдымен қазақстандықтардың жай-күйі, жұмыс жағдайы біз үшін приоритет. Барлық кәсіпорындар мен мекемелер осыны естен шығармауы керек. Ал көршілес елден келген мигранттар белгіленген заңнама шеңберінде ғана еңбек ете алады. Жағдай күнделікті бақылауда», - деді Премьер-Министр.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Биыл 15,5 млн тонна бидай бастырылды - Ербол Қарашөкеев
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Елімізде әрбір блогер тоғыз айда 1,2 млрд теңге салық төледі
- авторjambylinfo.kz
- 29 қазан, 2024