"Қарлы боран, көктайғақ, -13 градус аяз": алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды
- авторjambylinfo.kz
- 22 қараша, 2023
- 236
Таяудағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігі белсенді циклонның билігінде болады, – деп хабарлайды Жамбылинфо Aikyn.kz сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамынша, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) 22 қарашада батыста, солтүстік-батыста, 22-23 қарашада оңтүстікте, оңтүстік-шығыста болады деп күтілуде.
Республика бойынша 15-28 м/с жел күшейеді, солтүстік жартысында қарлы боран, көктайғақ болады деп күтілуде.
Кезеңнің соңына қарай еліміздің батысында ауа температурасының 2-12 аязға дейін төмендеуі күтіледі, республиканың шығысында түнде температураның 8-13 аяздан 0-5 жылуға дейін көтерілуі күтіледі. Қазақстанның қалған аумағында температуралық фонда айтарлықтай ауытқулар күтілмейді.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
«Қазақмыс» фабрикасында жұмысшы қаза тапты
Ұқсас жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024