Арман Әбдірәсілов Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесінде лауазымды қызметке тағайындалды
- авторСадуақас Айсұлу
- 8 тамыз, 2025
- 739
8 тамызда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арман Әбдірәсіловті Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығының басшысы етіп тағайындады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Арман Әбдірасылов 1980 жылғы 25 желтоқсанда Ақмола облысында дүниеге келген. 2001 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2001 жылы аталған университеттің Математика және механика ғылыми-зерттеу институтында инженер болып бастаған.
2002 жылғы мамыр мен 2012 жылғы маусым аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми-техникалық орталығында инженер болып жұмыс істеді.
2013–2020 жылдары – "Кибершабуылдарды талдау және зерттеу орталығы" заңды тұлғалар бірлестігіне қарасты компаниялар тобының директоры қызметін атқарды.
2020 жылғы тамызда "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингінің басқарма төрағасы болып тағайындалды. Соңғы жылдары "Brain Trust" ЖШС-нің басқарушы серіктесі қызметін атқарған.
Бұған дейін Марғұлан Баймұханның Таиландтағы Қазақстан Республикасының елшісі болып тағайындалғаны хабарланған болатын.





