жексенбі, 6 қазан, 2024 14:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қарты бар үйдің - қазынасы бар

Қарты бар үйдің - қазынасы бар
Сурет:Ашық дереккөзден алынды
Қарттарға құрмет көрсету - ұрпақ парызы

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті № 58 мекемесінің басшылығы Жасұлан Құрманалиев пен Бекен Калимбетов ардагерлерге құрмет көрсетті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Кездесу барысында  олар қарттарға арнап жүрекжарды тілектерін білдіріп, қариялардың еңбегін жоғары бағалады. 

– Қарты бар ел – қазыналы ел. Сіздер сияқты өмірін халқына адал қызмет етуге арнаған ардагерлеріміз біз үшін үлкен өнеге. Сіздердің көрегендіктеріңіз бен өмірден жинаған мол тәжірибелеріңіз – ұрпаққа берер үлкен тағылым, – деген Жасұлан Құрманалиев  алғысын білдірді.

Нүрия Умаргалиевна мен Ольга Сидорова да өз кезегінде осындай жылы ықыласқа риза болып, алғыстарын жеткізді.

 Олар мекемеде өткізген жылдарын, сол уақытта атқарған жұмыстарына мақтанышпен еске алды. Ардагерлердің өмір жолы кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге, олардың еңбекқорлығы мен адалдығы әрдайым ел есінде сақталады.

Қарттар күні осындай құттықтаулар мен шынайы құрметке толы болуымен ерекше. Бұл мереке – қарттарға деген алғыс пен құрметті білдіретін, олардың қоғамдағы орнының қаншалықты маңызды екенін еске салатын тамаша күн. Қарияларымыздың дендері сау болып, ұзақ ғұмыр кешулеріне тілектеспіз. 

Айта кетейік, қарттар күні – еліміздің маңызды мерекелерінің бірі. Бұл мейрам алғаш рет 1990 жылы 14 желтоқсанда БҰҰ Бас ассамблеясының қарарымен бекітіліп, содан бері жыл сайын атап өтіліп келеді. Осы мереке арқылы қарттарға деген құрмет пен қамқорлықтың маңыздылығы атап өтіледі. Қазақстанда да бұл мейрам әр жыл сайын үлкен мәнге ие болып, ардагерлерімізге ерекше құрмет көрсетіледі.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар