Арулар ауылдан сұлулық студиясын ашты
Жамбыл ауданында қос ару ауылдан сұлулық студиясын ашып, кәсібін дөңгелентіп отыр.
Бүгінде мемлекеттік қолдаудың арқасында бизнес идеяларын жүзеге асырып, жаңадан кәсіп ашып жатқандардың арасында жастар көп. Олардың қатарында жамбылдық Жәнерке Зауырбекова мен Ақару Оралбек те бар.
Олар Аса ауылының Абай көшесі бойынан сұлулық студиясын ашқан. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының екінші бағыты бойынша қайтарымсыз грант иелендік. Алған қаржымызға қажетті құрал-жабдықтарды сатып алып, ауылдан сұлулық салонын аштық. Біздің салонда шаш қырқу, бояу, кірпік жалғау, тырнақ бояу, әрлеу, шугаринг секілді қызмет түрлері көрсетіледі. Әзірге келушілер қарасы қалың. Жалпы қазіргі таңда бір кәсіппен айналысамын деген жастарға барлық қолдау көрсетілуде», – дейді Ақару Оралбек.
Жалпы, Жамбыл ауданында өткен жылы 1225 азамат қайтарымсыз грант берілді. Олардың 614-і әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы, 19-ы мүмкіндігі шектеулі азамат, 203-і жастар, 2-еуі қандас, 387-і жұмыссыз азаматтар.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала