Жамбыл облысында Қазақстан Қарулы күштерінің үздік сержанты атағына орай өткізілген XIV Бүкілармиялық конкурстың қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бір апта бойы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде Қазақстан армиясының ең мықты деген 118 сержанты кәсіби шеберліктерін көрсетуден сайысқа түсті. Олар команда есебінде де жарысты, оған қоса жеке сайыста өздерінің шеберліктерін көрсетіп бақты.
Бүкілармиялық конкурсқа өз өңірлерінде көшбасшылық қасиеттерімен көзге түскен бөлім командирлерінен бастап штаб сержанттарына дейінгі жеті санатта сержанттар қатысты. Әскери қызметшілер мықтылық, төзімділік, табандылық пен мақсатқа ұмтылысты көрсете отырып, бар күш-жігерін танытты.
Байқау «Айбын», «Қайсар», «Керуен», «Мерген», «Білімпаз», «Сері» деп аталатын алты кезеңнен тұрды. Апта бойы әскери қызметшілер полигонда марш жүгіру және стадионда жүгіру кезінде ондаған шақырымды артқа тастады. Ату және граната лақтырудан талай нысананы алды, біраз шақырымға жер бауырлап жетті, шартты түрде ұрыс даласында жараланғандардың барлығын құтқарды.
Ұқсас жаңалықтар
Таразда «Өмір - дария, өмір - өлең» тақырыбында поэзия кеші өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 желтоқсан, 2024