сәрсенбі, 25 желтоқсан, 2024 10:55

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қарулы күштерден 17 мың әскери қызметші кеткен: қорғаныс министрлігі алаңдаушылық білдірді

Қарулы күштерден 17 мың әскери қызметші кеткен: қорғаныс министрлігі алаңдаушылық білдірді
ашық дереккөзі
Қарулы күштерден 17 мың әскери қызметші кеткен: қорғаныс министрлігі алаңдаушылық білдірді
Төрт жыл ішінде Қазақстанның Қарулы күштерінен 17 065 әскери қызметші босатылған. Ал осы аралықта армия қатарына қосылған әскерилер саны кәсіби кадрлардың орнын толтыра алмай отыр. Бұл туралы қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштері Бас штабының бастығы Сұлтан Қамалетдинов мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. Оның айтуынша, әскери қызметшілердің армия қатарынан кетуі ерекше алаңдаушылық туғызып отыр. Олардың саны жыл сайын азаяр емес.
«Тек 2020-2023 жылдар аралығында Қарулы күштерден 17 065 әскери қызметші босатылды, оның ішінде 4301 офицер және келісімшарт бойынша 12 764 әскери қызметші. Салыстырар болсақ, бұл шамамен 15 механикаландырылған бригадаға тең», дейді Қамалетдинов мәжіліс комитетінің отырысында.
Ал дәл осы төрт жыл ішінде Қарулы күштер қатарына 14 311 әскери қызметші қосылған. Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары әскерилердің армияда тұрақтамауына қаржылай және әлеуметтік көмектің аздығы себеп екенін атап өтті.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар