....

....

сенбі, 24 ақпан, 2024 2:14

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

"Қарызға кіріп үйренген". Танымал әнші Бағлан Әбдірайымовтың киносын сынға алды

"Қарызға кіріп үйренген". Танымал әнші Бағлан Әбдірайымовтың киносын сынға алды
ашық дереккөзі
"Қарызға кіріп үйренген". Танымал әнші Бағлан Әбдірайымовтың киносын сынға алды
"Диета кз" тобының солисі, әнші Жасұлан Базарбаев өнердегі әріптесі "Жігіттер" тобының мүшесі Бағлан Әбдірайымовты сынға алды. Өнерпаздың түсірген киносы туралы Ұйқым келмейді бағдарламасына берген сұхбатта айтты, - деп хабарлайды Жамбылинфо Massaget.kz тілшісі. Өнерпаз, әріптесіне тезірек кинода табыс табуына тілекші екенін жеткізді. "Мен жанашырлықпен қараймын. Үшінші киносын түсіріп жатыр. Екі киносы... Жақсы ақталмай қалғаны туралы айтпай-ақ, қояйықшы. Қарызға кіріп үйренген шығар. Негізі құрдас болғандықтан қалжыңдасамыз. Бірақ Бағланның қайтпайтынына ризамын. Тілектеспін құрдасыма", - дейді әнші. Сондай-ақ, Жасұлан Базарбаев өзіне әнші дейтіндерге сын көзбен қарайтынын айтты. "Мені әнші десе қабылдамаймын. Себебі мен әнші емеспін. Әнші деген берілген кез-келген әнді нақышына келтіріп, иірімін беріп орындайтын адамды айтады. Мені әнші десе бірден бетіне "мен әнші емеспін" деймін. Мен актермін, мен "Диета кз" тобында өзімнің белгілі бір қызметімді атқарамын. Мен шоу беремін, ән емес. Жалпы әр нәрсені өзінің атауымен атаған дұрыс", - дейді Жасұлан Базарбаев.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Ұқсас жаңалықтар