сенбі, 15 наурыз, 2025 19:08

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Asar Baspana» қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары ұсталды

«Asar Baspana» қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары ұсталды
Фото - ашық дереккөз
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Қаржылық мониторинг агенттігі Бас прокуратураның үйлестіруімен «Asar Baspana» қаржы пирамидасының заңсыз қызметі тоқтатылды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

«Олар салымшыларға жылжымайтын мүлік, көлік, сондай-ақ тұрмыстық өнімдерді сатып алу үшін қаражат салуды ұсынған. Осылайша ай сайын салынған соманың 30 пайызына дейін пайда табуға уәде берген. Компания кеңсесінде және күдіктілердің тұрғылықты жері бойынша жүргізілген тінту барысында 1,2 млрд теңгеден астам сомада қолма-қол ақша және премиум кластағы 13 көлік тәркіленді», - делінген ақпаратта. 

Екі қаржы пирамидасын ұйымдастырушы ұсталып, оларға қатысты сот екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі іс-шара санкциялады.
 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар