«Асхат Аймағамбетов болып хабарласады»: Дәулет Мұқаев алаяқтармен қалай күрескенін айтты
- авторjambylinfo.kz
- 4 қыркүйек, 2024
- 485
Мәжіліс Депутаты Дәулет Мұқаев желідегі парақшасына өзіне алаяқтардың түрлі айла-тәсілмен хабарласып, құрығына түсіргісі келгенін жазды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Оның айтуынша, арам жолмен табысқа кенелуді көздейтін телефон алақтары жалған парақшаларына депутат Асхат Аймахамбетов, Ерлан Тұрсынбайұлының суретін қойып хабарласқан.
«Алаяқтардан абай болыңыздар. Егер сіздің таныстарыңыз суретін қойып, бөтен нөмірден (тіпті таныс адамның нөмірінен) немесе әлеуметтік желіде жазатын болса, алданып қалмаңыздар. Олар сіздерге түрлі психологиялық шабуыл жасауы мүмкін. Эмоцияңызбен ойнауы мүмкін. Сондай әрекеттер байқасаңыз, бірден танысыңызға хабарласыңыз. Себебі, алаяқтар ол адамның уатсабы мен желідегі парақшасын бұзып алуы мүмкін. Ешкімге ешқандай код айтпаңыз»,-деді депутат өз оқырмандарына ескерту жасап.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз