Астанада Мемлекеттік айыптаушылардың екінші форумы басталды
- авторjambylinfo.kz
- 27 қыркүйек, 2024
- 168
Елордада мемлекеттік айыптаушылардың екінші республикалық форумы өтуде. Оның жұмысына Жоғарғы және Конституциялық соттардың, Республикалық адвокаттар алқасының өкілдері, Парламент депутаттары, көрнекті заңгер ғалымдар мен өңірлік прокуратуралардың қызметкерлері де қатысты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Форумда ҚР Президентінің көмекшісі Е.Н.Жиенбаев, Конституциялық Соттың Төрағасы Эльвира Азимова және Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев құттықтау сөз сөйледі.
Алқалы жиында Бас Прокурор Берік Асылов баяндама жасады.
«Бүгінгі таңда Қылмыстық кодекстің 40-тан аса баптары алқабилер сотында қаралатын ауыр және аса ауыр қылмыстар құрамдарын қамтиды. Жалпы, елімізде алқабилер соты институты 2007 жылдан бері жұмыс істейді. Оған азаматтардың сенімі жыл сайын артып келеді. Осы орайда прокурорлар мен адвокаттардың біліктілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аудару қажет. Олардың сауатты және белсенді қатысуы тараптардың жарыспалылығын арттыруға және заңдылықты нығайтуға ықпал етуі керек. Сонымен қатар Бас Прокурор прокурорларды кәсіби маман даярлау ерекше маңызға ие. Мемлекеттік айыптаушыларды алдын ала дайындау керек", - деді ол.
Сондай-ақ форумда алқабилер сотын дамыту перспективалары, алқабилердің жеке деректерінің қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтамасыз ету, олардың қылмыстық процестегі рөлін нығайту және тағы басқа мәселелер талқыланды. Судьялар, адвокаттар, практик-заңгерлер мен прокурорлар алқабилер институтын дамыту, қылмыстық процестегі тараптардың жарыспалылығын арттыру мәселелері және басқа да өзекті мәселелер бойынша баяндамалар жасады.
Форумның бірінші күнінің қорытындысы бойынша қатысушылар алқабилер сотын дамытудың көтерілген мәселелерін шешу және сотта мемлекеттік айыптау сапасын арттыру бойынша ұсынымдар әзірледі.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз