жексенбі, 23 маусым, 2024 12:41

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Астанада 30 жастағы ер адам дүкеннен 17 жұп аяқ киімді ұрлап кеткен

Астанада 30 жастағы ер адам дүкеннен 17 жұп аяқ киімді ұрлап кеткен
Ашық дереккөз
Астанада сауда орталығының өкілі полицияға хабарласып, дүкеннен 17 жұп аяқ киім ұрланғанын айтқан. Іздестіру шаралары барысында күдікті ретінде 30 жастағы ер адам ұсталды.

Тергеу барысында жас жігіт сауда орнына клиент ретінде келіп, сатушының байқамай тұрғанын сезіп арам пиғылын жүзеге асырған. Яғни, ол сөреде тұрған бірнеше жұп аяқ киімді қораптан алып, сөмкесіне салған. Кейін байқатпастан ізін суытқан. Бір күннен кейін күдікті қылмысын тура осы әдіспен қайта жасаған. Оның ұрлық әрекетін бейнебақылау камерасына түсіп қалған. 

Келтірілген шығынның жалпы сомасы шамамен 290 мың теңгені құраған. Күдікті ұрланған аяқ киімдерді арзан бағаға сатып жүрген..

Полиция аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады. Оның қала аумағында жасалынған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы анықталуда.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар