бейсенбі, 12 наурыз, 2026 18:00

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Астанада LRT жолақысы шамамен қанша теңге болатыны айтылды

Астанада LRT жолақысы шамамен қанша теңге болатыны айтылды
Астана қаласының әкімдігі
Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында Астана қаласының әкімдігі әзірлеген «Қаладағы жеңіл рельстік көлікпен (LRT) жолаушылар мен жүкті тасымалдау тарифі туралы» жобасы жарияланды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жобаға сәйкес, жеңіл рельстік көлік желісінде бір сапарға билет құны 200 теңге деп белгіленген. Төлем қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жүргізіледі.

Сонымен бірге, 2017 жылғы 20 шілдедегі №167/21-VI Астана қалалық мәслихатының шешімі бойынша, Астана қаласында тіркелген және тұрақты тұратын жекелеген санаттағы азаматтар қоғамдық көліктегі төлемнен босатылған.

Жоба Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында қарау және қоғамдық талқылау үшін қолжетімді.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар