Астанада мереке күніне орай ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
- авторСадуақас Айсұлу
- 30 сәуір, 2025
- 206

Қазақстан халқының Бірлігі күнін мерекелеу аясында 1–4 мамыр аралығында елордада кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Астана әкімдігінің мәліметінше, жәрмеңкеде Қазақстанның түрлі өңірлерінен жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жеміс-жидек, ет, ұн және сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдерді, табиғи шырындарды және т.б. сатып ала алады.
Іс-шара 1, 2, 3 және 4 мамыр күндері таңғы сағат 07:00-ден кешкі 19:00-ге дейін Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайындағы «Koktal» сауда-ойын-сауық орталығында өтеді.
Айта кетейік, елордада Бейбарыс Сұлтан көшесі, 23 («Рио-де-Жанейро» ТК қарама-қарсы) мекенжайында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі жұмыс істейді. Ол күн сайын сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін ашық болады.
Келушілерге ыңғайлы болу үшін жәрмеңкенің жанынан мынандай автобус маршруттары өтеді: №2, 32, 49, 50, 73. Бұл жәрмеңке өтетін жерге ыңғайлы болуы үшін маңызды.