сейсенбі, 24 маусым, 2025 12:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Астанада патриоттық мурал ашылды

Астанада патриоттық мурал ашылды
Фото: Астана қаласы әкімдігі
Ол Сәкен Сейфуллин көшесі, 9/1 мекенжайындағы үйдің қасбетіне салынды.

Елорданың Сарыарқа ауданында Ұлттық ұланның сарбаздарына арналған жаңа муралдың салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Астана әкімдігінің сәліметінше, «Ұлттық ұлан – ел айбыны» муралында сақшылар бейнеленген. 

Салтанатты ашылу рәсіміне Сарыарқа ауданы әкімдігінің өкілдері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қатысты.

Лента қию рәсімін өткізу құрметі елордалық №5573 бригаданың әскери қызметшілері Даниал Сәрсенғалиев пен Нұржан Жұмабекұлына тапсырылды.

Ерекше айта кетерлігі, патрульдеу кезінде Даниал көшеде ауырып қалған қыз балаға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, сол арқылы оның өмірін сақтап қалған. Ал Нұржан астаналық сауда орталықтарының біріндегі өрттің алдын алды.

Бұл жас жігіттер – әскер қатарына шақырылғандар, өткен жылдың күзінде шақырылған, қызмет барысында өздерін абыроймен көрсете білді. Ұлттық ұлан жауынгерлері Қазақстанның барлық өңірінде, оның ішінде елордада күндіз-түні қызмет етіп, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, азаматтардың тыныштығын қорғап жүр. Сарыарқа ауданындағы жаңа муралдың ашылуының да өзіндік себебі бар. Бұл қаламыздың сәнін келтіреді. Ал ең бастысы, өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді күшейтеді, - деді ҚР Ұлттық ұланының ардагері, запастағы полковник Қуаныш Қожахметов.

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар