Астана қаласында теннистен Президент кубогы үшін челленджер турнирі аяқталды
Финалда әлемнің 187-ракеткасы, норвегиялық Николай Будков Кьер рейтингіде 420-орындағы италиялық Александр Биндуді 6:4, 6:3 есебімен ұтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz kaz.inform.kz сілтеме жасап.
Осылайша, 18 жастағы норвегиялық теннисші 8 350 долларға қоса 50 рейтингілік ұпайға ие болды. Бұл — оның спорттық жолындағы челленджер жарысындағы үшінші титулы.
Жұптық сында жапониялықтар Тайсей Ишикава — Кокоро Исамура үздік шықты. Олар соңғы бәсекеде филиппиндік Фрэнсис Алькантара — кореялық Сун Пакты ұтты — 7:5, 2:6, 10:5.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Қарулы күштерде әскери қызметшілерді мамандық бойынша дайындау басталды
- авторСадуақас Айсұлу
- 12 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Тәуелсіздік күніне орай бір реттік әлеуметтік төлем кімдерге беріледі
- авторСадуақас Айсұлу
- 12 желтоқсан, 2025






