дүйсенбі, 15 желтоқсан, 2025 17:03

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Астанада «S-Group» қаржы пирамидасына қатысты тергеу жүріп жатыр

Астанада «S-Group» қаржы пирамидасына қатысты тергеу жүріп жатыр
Фото - ашық дереккөз
Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.

ҚМА Астана қаласы бойынша департаменті "Sincere Systems Group LTD" ("S-Group") қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастыру және басқару фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

"S-Group" компаниясы өзін Ұлыбританиядағы инвестициялық қор ретінде таныстырып, Forex нарығында сенімгерлік басқару, майнинг және SWP, SWCT ішкі криптотокендерімен сауда жүргізу қызметтерін ұсынатынын мәлімдеген. Салымшыларға айына 15%-20%, жылына 120%-180% көлемінде табыс уәде етілген.

Инвестициялық қызметтің шынайы жүргізіліп жатқандай көрінуі үшін қатысушыларға компанияның сайтындағы жеке кабинетке қолжетімділік берілген, онда виртуалды депозиттер, "табыстың өсімі" және есептелген қаражат көрсетілген. Алайда іс жүзінде салымшылардың қаражаты инвестицияланбаған, күдіктілердің жеке қажеттіліктеріне жұмсалған.

Келтірілген залалдың жалпы сомасы 136 млн теңгеден асты.

Қылмыстық жолмен алынған табысқа ұйымдастырушылар елордада 2 пәтер және 2 автокөлік сатып алған, оларды мүмкін болатын тәркілеуден жасыру мақсатында сенімді тұлғалардың атына рәсімдеген.

Сот санкциясымен аталған мүлікке тыйым салынды.

Күдіктілерге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде елден шықпау және тиісті мінез-құлық туралы қолхат қолданылды.

Тергеу жалғасып жатыр.

ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар