жұма, 1 қараша, 2024 11:22

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Астанада ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысы басталды

Астанада ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысы басталды
ашық дереккөзі
Астанада ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысы басталды
Елордада Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері басшылары кеңесінің отырысы басталды, деп хабарлайды Ақорда.
Осыған дейін Қазақстанның Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы төрағалығы шеңберінде елордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен ТМД мемлекеттері басшыларының саммиті өтетіні хабарланған. Шараға Армения, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Түрікменстан және Тәжікстан басшылары, сондай-ақ атқару комитетінің төрағасы – ТМД атқарушы хатшысы қатысатыны айтылған .
«ТМД мемлекеттер басшыларының кеңесі – достастықтың жоғары органы, онда ұйым қызметінің негізгі мәселелері талқыланады және шешіледі. ТМД саммиті Қазақстанның осы ұйымға төрағалық етуі аясындағы басты оқиғалардың бірі болмақ. Бұл маңызды шараға пандемиядан кейінгі кезеңде алғаш рет офлайн режимде ТМД құрамындағы бүкіл мемлекеттердің басшылары қатысады», - деген болатын ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров. Оның айтуына қарағанда, Саммитте 2023 жылы ТМД-ға төрағалық ету Қырғызстан Республикасына тапсырылмақ және Бішкек қаласында мемлекет басшылары кеңесінің кезекті отырысын өткізу туралы шешім қабылдау жоспары бар. Еске салсақ, 12 қазан күні Қазақстан төрағалығымен Астанада ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтті. Оған Армения, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан мен Түрікменстан сыртқы істер министрлері қатысқан еді. Айта кетейік, 7 қазан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербургте өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдер көшбасшыларының бейресми кездесуіне қатысты.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар