жұма, 20 қыркүйек, 2024 0:03

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басталды

Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басталды
Сурет:Ашық дереккөзден алынды
Дүбірлі доданың ашылу салтанатына Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады деп күтілуде

Бүгін, 8 қыркүйекте V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алғашқы жарыс күні басталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Қазіргі уақытта Астанадағы «Қазанат» ипподромы маңындағы этноауылда спортшылар жамбы ату спорт түрінің Мажар стилі бойынша алғашқы медальдарды сарапқа салынып жатыр.

Сайыс Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетілуде.

Жалпы бұл сайысқа 27 мемлекеттен 78 спортшы қатысып жатыр. 

Қазақстан құрамасы сапында Айтбек Сарыбай, Ералхан Айкөз, Батыр Бексауыт, Абзал Тулыбеков ел намысын қорғайды.

8 қыркүйек күнгі жарыс кестесі:

ЖАМБЫ АТУ

(Этноауыл)

08.09.2024 ж.

09:00 – 09:40 - 1 топ
09:50 – 10:30 - 2 топ
10:40 – 11:20 - 3 топ
11:30 – 12:10 - 4 топ
12:20 – 13:00 - 5 топ
13:10 – 13:50 - 6 топ
14:00 – 14:40 - 7 топ
14:50 – 15:30 - 8 топ
15:40 – 16:20 - 9 топ
16:30 – 17:10 - 10 топ
17:20 – 18:00 - 11 топ
19:00 – 20:00 Марапаттау рәсімі

Айта кетейік, бүгін кешкі сағат 19:00-де "Астана Арена"  Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты өтеді. 
Байрақты бәсекеге барлығы 89 елден 2 мыңнан астам қатысушы тіркелген.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар