жұма, 20 қыркүйек, 2024 3:55

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Астаналықтар Олимпиада жүлдегері Нұрбек Оралбайды қарсы алды

Астаналықтар Олимпиада жүлдегері Нұрбек Оралбайды қарсы алды
Сурет: Kazinform
Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай елордаға оралды

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбайды қарсы алуға Астана әуежайында бір топ қауым жиналды, арасында БАҚ өкілдері де бар, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. Kazinform сайтына сілтесе жасап.

«Қолдауларыңызға рахмет! Өкінішке қарай, екінші орын болып қалды. Сіздер үшін алтын алғым келген. Қазақ елін қуантып, Әнұранды шырқатқым келген еді. Келесі Олимпиадада бар күшімді салып, елге абыроймен оралып, қазақ елін қуантам деп ойлаймын. Баршаңызға рақмет!» - деді Париж Олимпиадасының күміс жүлде иегері Нұрбек Оралбай елорда жұрты алдында.

Еске сала кетейік, бокстан ерлер арасында 80 келі салмақта Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды. Ол финалда украиналық Александр Хижнякпен жұдырықтасып, жеңіліп қалды.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар