сәрсенбі, 7 мамыр, 2025 15:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Астананы абаттандыру жоспары Президентке таныстырылды

Астананы абаттандыру жоспары Президентке таныстырылды
Aqorda
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді

Астананы көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жөніндегі жоспар Мемлекет басшысына ұсынылды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек биыл шаһарда 1 миллионнан астам жасыл желек отырғызылып, 180-нен аса қоғамдық кеңістік пен аула абаттандырылатынын айтты. 

Аталған жұмыстар шаһардың тарихи көшелерінде, Президент саябағында, Үкімет үйінің айналасында, Есіл өзенінің жағалауында, «Мыңжылдық» аллеясында, Триатлон паркінде, Greenline бульварында, Желілік саябақта, вокзал маңы мен Иллюзия паркінде, Сығанақ, Ш.Қалдаяқов, Гете, Біржан сал және басқа да көшелердің бойында жүргізіледі.

Ақбұлақ өзенінің арнасын тазарту жұмыстары жалғасады. Бұдан бөлек, «Қазақстан» спорт кешенін қайта жаңғырту басталады.

Сонымен қатар қалада ағаштарды цифрлық жүйе арқылы тіркеу және паспортизациялау қолға алынады. Әр ағашқа QR-код орнатылады. Осы арқылы тұрғындар ағаш жайлы ақпарат алып, қандай да бір мәселе болса, тиісті органдарға хабарлай алады.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар