Жаңалықтар
Асыл тұқымды ірі қараның куәлігінде аталығы мен енесі туралы деректер көрсетіледі – министр
- авторjambylinfo.kz
- 8 қыркүйек, 2022
- 209
Асыл тұқымды ірі қараның куәлігінде аталығы мен енесі туралы деректер көрсетіледі – министр
Ірі қара малдың да асыл тұқымды куәліктерінде әкесі жағынын деректері мен қатар енесі жағынын деректерін де көрсету қарастырылады, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.
Республикалық палата мүшелерінің кезектен тыс жиналысын шақыру мерзімдері және республикалық палата төрағасының өкілеттік мерзімдері заңнамалық деңгейде айқындалады. Бұдан басқа республикалық палатаның атқарушы органына асыл тұқымды жануарлардың тізілімін жүргізу және асыл тұқымды малдың республикалық тізіліміне енгізу үшін оның деректерін уәкілетті органға ұсыну бойынша қосымша құзырет беріледі, - деді Қарашөкеев.Министр атағандай, ауыл шаруашылығы бейініндегі ғылыми-зерттеу ұйымдарының өкілеттіктерін күшейту.
Атап айтқанда оларға селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық базасын жүргізу функциялары беріледі, сондай-ақ аталған ұйымдар уәкілетті органмен бірлесіп жаңа нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында профилактикалық бақылау жүргізудің ерекшеліктерін регламенттеу керек. Бұл норма Кәсіпкерлік кодекстің талаптарына сәйкес енгізіледі. Мемлекеттік бақылаудын бұл түрі субъектіге бармай-ақ бұзушылықтарды уақытылы болдырмауға және жол бермеуге мүмкіндік береді және ең бастысы бақылау субъектілеріне өз бетінше уәкілетті орган анықтаған бұзушылықтарды жоюға мүмкіндік жасайды,- деді ол.Қарашөкеев атағандай, «молекулалық генетикалық сараптама» бойынша жаңа бап енгізілді.
Бұл мақалада молекулярлық генетикалық сараптама жүргізу кезіндегі негізгі ережелер, тапсырыс берушінің және мамандандырылған зертхананың құқықтары мен міндеттері көрсетіледі. Сонымен қатар Мәжіліс депутаттарымен бірлесіп «екінші санаттағы асыл тұқымды ірі қара мал» түсінігінің жаңа редакциясы жазылды, оған сәйкес екінші санаттағы асыл тұқымды ірі қара малдың да асыл тұқымды куәліктерінде аталығы жағынын деректері мен қатар енесі жағынын деректерін де көрсету қарастырылады, - деді Ербол Қарашөкеев.Дереккөз:http://baq.kz
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз