сәрсенбі, 11 ақпан, 2026 17:52

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
Фото: Ақорда
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ақордада Қазақстан Президентіне екі мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Сенім грамоталарын Грек Республикасының елшісі Антониа Кацуру мен Португалия Республикасының елшісі Жозе де Каштру Атаиде Амарал тапсырды.

Мемлекет басшысы Қазақстан бейбіт сыртқы саясат жүргізетінін атап өтті. Президенттің айтуынша, қазір әлемде орын алған барлық проблема тек бейбіт жолмен, яғни дипломатиялық арналар мен құралдар арқылы шешілуге тиіс.

Қасым-Жомарт Тоқаев Грекия және Португалия елдерінің басшылары мен премьер-министрлеріне ыстық ықыласын жолдап, оларды Астанаға сапармен келуге шақырды.

Іс-шара соңында Мемлекет басшысы елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының ресми түрде басталуымен құттықтап, Президент Әкімшілігі мен Сыртқы істер министрлігі оларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін растады.

Бөлісу:
Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар