Қасым-Жомарт Тоқаев Фридрих Мерцті Германияның Федералдық Канцлері болып сайлануымен құттықтады
- авторАрайлы Жақсылық
- 7 мамыр, 2025
- 832
Мемлекет басшысы өз жеделхатында Фридрих Мерцті жоғары лауазымға сайлануымен шын жүректен құттықтап, оған жаңа қызметінде табыс пен сәттілік тіледі. Президент екі ел арасындағы өзара түсіністікке, сенім мен өзара тиімділікке негізделген достық қатынастар мен стратегиялық серіктестіктің соңғы жылдары айтарлықтай нығайғанын ризашылықпен атап өтті.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-герман қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтеру жолында бірлесе жұмыс істеуге әзір екенін жеткізді.
Анықтама үшін:
Фридрих Мерц – Германияның беделді саяси және қоғам қайраткері, Христиан-демократиялық одақ (ХДО) партиясының жетекшісі. Ол ұзақ жылдар бойы неміс парламентінде (Бундестаг) қызмет атқарып, экономика, қаржы және сыртқы саясат салаларында белсенді саясаткер ретінде танылған. Оның саяси ұстанымдары Германияда дәстүрлі құндылықтарды және нарықтық экономиканы қолдаумен ерекшеленеді. Канцлер лауазымына сайлануы Германияның ішкі және сыртқы саясатында жаңа кезеңнің басталғанын білдіреді.
Ұқсас жаңалықтар
Үшаралдағы ұлы думан: бірлік пен дәстүр тоғысқан күн
- авторБақытжан Бекболат
- 27 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу талабы қатаңдатылады
- авторСадуақас Айсұлу
- 26 наурыз, 2026





