Жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Президенті Масуд Пезешкианды жеңісімен құттықтады
- авторjambylinfo.kz
- 22 шілде, 2024
- 1.2k
Бұл туралы Ақорда хабарлады
Мемлекет басшысы Иран Ислам Республикасының жаңадан сайланған Президенті Масуд Пезешкианды телефон арқылы жеңісімен құттықтап, жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Әңгімелесу барысында екі ел басшылары қазақ-иран қатынастарын одан әрі нығайтуға өзара ниетті екенін растады.
Тараптар сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Үшаралдағы ұлы думан: бірлік пен дәстүр тоғысқан күн
- авторБақытжан Бекболат
- 27 наурыз, 2026
Жаңалықтар
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу талабы қатаңдатылады
- авторСадуақас Айсұлу
- 26 наурыз, 2026




