Жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы жұмыс кестесі жарияланды
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 қыркүйек, 2025
- 427
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді
26 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысын өткізеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
27 қыркүйекте Астанаға Мьянма Президентінің міндетін атқарушы, Мемлекеттік әкімшілік кеңес төрағасы Мин Аун Хлайн сапармен келеді. Ақордада екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланатын жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізу жоспарланып отыр.
29-30 қыркүйек күндері Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Италия Президенті Серджо Маттарелла елімізге ресми сапармен келеді. Мемлекеттер басшылары келіссөз жүргізіп, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты нығайту перспективаларын талқылайды.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Астанада Серік Еркімбековтің «Өмір желі» атты авторлық кеші өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
DAMUMED қызметтері бойынша заңбұзушылық анықталды
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2025




