жұма, 30 мамыр, 2025 17:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Атамның аманаты» тақырыбында тағылымды кездесу кеші өтті

«Атамның аманаты» тақырыбында тағылымды кездесу кеші өтті
Jambylinfo.kz
Аталған іс-шара Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған

«Атамның аманаты» тақырыбында тағылымды кездесу кеші өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Бүгін Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының мәжіліс залында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Атамның аманаты» тақырыбында майдангер ұрпақтарымен кездесу кеші ұйымдастырылды.

Шараға Берлинде Рахымжан Қошқарбаевпен бірге Жеңісті алғаш қарсы алған қаракемерлік майдангер Әсет Кемпірековтің қызы, ардагер ұстаз Оралкүл Кемпірекова, мойынқұмдық соғыс және еңбек ардагері Аяған Оспановтың қызы, облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Хадиша Аяғанқызы, сондай-ақ майдангер Анаш Ахметовтің қызы, медицина саласының ардагері Нүрила Ахметова қатысты. 

Сонымен қатар облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері Мұхаметілда Байшонов пен Исмайл Хаджимуратов та кешке арнайы келді. Қонақтар өз естеліктерімен бөлісіп, әкелерінің майдандағы ерліктері жайлы сыр шертті.

Кеш барысында мектеп оқушылары мен колледж студенттері соғыс тақырыбындағы өлеңдер оқып, сахналық көрініс қойды.

Аяжан Дәулетбекқызы
Автор

Аяжан Дәулетбекқызы

Аяжан Дәулетбекқызы

Ұқсас жаңалықтар