Атыраудағы ең ұзын көпірдің орта бөлігінде жарық пайда болуына қатысты ауыр жүк көліктерінің қозғаласына тыйым салынды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Көпірдің ұзындығы 860 метр, ені 13 метр көпірдің құрылысы 2014-2017 жылдар аралығында жұмыстар жүргізілген. Құрылысына 9,4 млрд теңге облыстық және республикалық бюджеттен қарастырылған.
Жақын арада көпірде жарықтар табылып, нысанды жартылай жабуға тура келген. Атырау облысы әкімдігінің хабарлауынша, Махамбет пен Жалғансай ауылдары арасындағы көпірдің ортаңғы бөлігінк зақым келген.
«Осыған байланысты көпірде ауыр жүк көліктерінің жүруіне тыйым салынды. Жеңіл автокөліктерге сағатына 20 шақырымнан аспайтын жылдамдықпен жүруге рұқсат етіледі, өйткені олардың салмағы қауіп төндірмейді», - деп хабарлады әкімдіктегілер.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Бүгін ауа райы қандай болады
Ұқсас жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024