сәрсенбі, 7 мамыр, 2025 16:42

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Атырауда университет жатақханасының бір бөлігі құлап қалды

Атырауда университет жатақханасының бір бөлігі құлап қалды
Фото: Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
Бұл туралы университеттің баспасөз қызметі хабарлады.

22 сәуірде Атыраудағы Халел Досмұхамедов атындағы университеттің апатты деп танылған жатақханасының бір бөлігі құлап қалды. Оқиға кезінде жатақханада студенттер болмағандықтан, адам шығыны жоқ, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz  inbusiness.kz сілтеме жасап.

Іргетасы ескіріп, апатты деп танылған № 2 жатақхананың 5 қабатты ғимараты 1972 жылы салынған. 

Университеттің шаруашылық бөлімі 2022 жылдың қараша айында № 2 жатақханадағы 1-қабатының қабырғасында ақаудың пайда болғанын анықтады. Осы жағдай анықталған соң мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жатақхананың техникалық қауіпсіздігіне сараптама жүргізуге конкурс жарияланды. 2023 жылғы 21 ақпандағы № 138 келісімшартқа сәйкес "PFA compani" ЖШС техникалық зерделеу жұмыстарын жүргізіп, ғимараттың апатты жағдайда екені расталды. Студенттердің бәрі басқа жатақханаларға көшіріліп, орналастырылды, — деп хабарлады университеттің баспасөз қызметі.

Қазір Атырау облысында апатты жатақхананың ғимаратын cүріп, орнына студенттерге арналған 1000 орындық жатақхана салу жұмыстарына дайындық басталды. Облыстың құрылыс басқармасы қажетті жобалық-сметалық құжаттама әзірледі. Ал, жаңа жатақхананың жобалаушысы ретінде "Авангард ОК" ЖШС белгіленген және жоба қазіргі уақытта қажетті сараптамалардан өту үшін жолданды.

"Апатты деп танылған № 2 жатақхана айналасы қоршалған. Жатақхананың құлағанынан ешкім зардап шеккен жоқ", – деді университеттің баспасөз қызметі.

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар