Жаңалықтар
Атыраулықтар Тәуелсіздік күніне орай қоғамдық көлікте екі күн тегін жүреді
- авторjambylinfo.kz
- 9 желтоқсан, 2021
- 197
Атыраулықтар Тәуелсіздік күніне орай қоғамдық көлікте екі күн тегін жүреді
Атыраулықтар Тәуелсіздік күніне орай қоғамдық көлікте екі күн тегін жүреді
Бұл туралы Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім етті. «Атырау қаласында мереке күндері жолаушы тасымалдау үшін әдеттегідей 220 автобус маршрутқа шығады. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына байланысты Атырау қалалық әкімдігі мен жолаушы тасымалдайтын кәсіпорындар басшыларының ортақ шешімімен 16, 17 желтоқсанда барлық бағыттағы қоғамдық көліктерде жол жүру тегін болады. Екі күн бойы тегін жүру құқығын жас шамасына қарамастан барлық жолаушы пайдалана алады», -деп мәлім етті . Қалалық әкімдік жолаушыларды қоғамдық көлікте маска тағу режимін сақтауға шақырып отыр. Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында көпшілік іс-шараларды өткізуге тыйым салынған еді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз