жексенбі, 21 шілде, 2024 9:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 21 пойыз кешігеді - ҚТЖ

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 21 пойыз кешігеді - ҚТЖ
ашық дереккөзі
Ауа райының қолайсыздығына байланысты 21 пойыз кешігеді - ҚТЖ
Биыл 15 желтоқсанда Жамбыл облысы Қордай және Шу аудандарының аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл аудандарда қатты жел соғып, аяз түскен. Осыған байланысты ҚТЖ станцияға келетін мына пойыздар кешігетінін хабарлады: № 9 Алматы-Нұр-Сұлтан-1 11.00 сағатқа; № 72 Шымкент-Нұр-Сұлтан 06.00 сағатқа; № 3 Алматы-Нұр-Сұлтан 10 сағат 30 минутқа; № 27 Алматы-Орал 9 сағатқа; № 86 Шымкент-Нұр-Сұлтан-1 06.00 сағатқа; № 1 Алматы-Ташкент 14 сағат 40 минутқа; № 11 Алматы-Шымкент 8 сағат 30 минутқа; № 22 Қызылорда-Семей 08.00 сағатқа; № 21 Семей-Қызылорда 08 сағат 20 минутқа; № 43 Алматы-Қостанай 08.00 сағатқа; № 77 Алматы-Маңғыстау 02 сағат 30 минутқа; № 29 Алматы-Атырау 07 сағат 20 минутқа; № 7 Алматы-Саратов 04 сағат 30 минутқа; № 45 Павлодар-Түркістан 03 сағат 40 минутқа; № 75 Петропавл-Қызылорда 03 сағат 20 минутқа. № 33 Алматы-Ақтөбе 06 сағат 30 минутқа; № 506 Жезқазған-Алматы 5 сағат 13 минутқа; № 509 Алматы-Орал 06 сағат 37 минутқа; № 511 Алматы-Атырау 02.00 сағатқа; № 52 Орал-Алматы 12 сағат 36 минутқа; № 42 Атырау-Алматы 10 сағат 49 минутқа. Биыл 15 желтоқсанда № 51/52 Алматы 2-Орал және № 41/42 Алматы 2-Атырау бағыты бойынша жолға шығатын пойыздардың кестесі де өзгерген. "Тальго № 41/42 Алматы 2 -Атырау және кері бағытта пойыз билеттерін сатып алған жолаушылар № 511/512 Алматы 2-Атырау стандартты пойызымен, ал № 51/52 Алматы 2-Орал бағыты бойынша және кері бағытта Тальго пойызына билеттерді сатып алған жолаушылар № 509/510 Алматы 2-Орал стандартты пойызымен жүреді", - деп жазылған ұлттық компания таратқан хабарламада. Еске салайық, бұған дейін "Қазақстан темір жолы" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев пойыздар кешігіп келетінін, вагондар тозғанын білетінін айтқан еді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар