....

....

сәрсенбі, 28 ақпан, 2024 5:07

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

АУДАНДАҒЫ ЖАҒДАЙДАН БЕЙХАБАР ӘКІМ

АУДАНДАҒЫ ЖАҒДАЙДАН БЕЙХАБАР ӘКІМ
ашық дереккөзі
АУДАНДАҒЫ ЖАҒДАЙДАН БЕЙХАБАР ӘКІМ
Жамбыл облысы Қордай ауданындағы 9 бірдей елді мекенде қазақстандық телеарналар мүлде көрсетпейді. Жамбыл өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында  Қордай ауданының әкімі Бегзат Болатбеков  осы мәселеге нақты жауап бере алмады. Нақтырақ айтсақ, бейхабар. Брифинг модераторы:
Қордайдағы 9 елді мекенде қазақстандық телеарналар көрсетілмейді. Атап айтсақ, Қайнар, Шүміш, Қарасай, Масаншы, Керу, Алға, Үлкен Сұлутқөр,Кенен ауылдары. Бұл жағдайды сіз Қырғызстанның шекарасымен байланыстыратын шығарсыз, дегенмен сіз, қырғыз елінің идеологиясы бізге әсер етіп жатыр деп ойламайсыз ба?
Өкінішке қарай, аудан әкімі бұл жағдайдан хабарсыз болып шықты:
Мен қазір бұл сұраққа жауап бере алмаймын. Бұл проблеманы өзіңіздің аузыңыздан естіп отырмын. Аудан әкімдігіне мұндай ақпарат жеткен жоқ. Рұқсат етсеңіз, осы тоғыз елдімекенді өзіңізден нақтылап алайын. Зерделеп көрейік,-деп қайырды аудан басшысы.
Айта кетейік, Болатбеков Бегзат Сейсенқұлұлы Қордай ауданының әкімі болып 2022 жылдың желтоқсанында тағайындалған. Сол уақыттан бері жылға жуық қызметте отырғанына қарамастан аудан басшысының мұндай өзекті мәселеден бейхабар болғаны үлкен сұрақ.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Ұқсас жаңалықтар