Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған II Республикалық пәндік олимпиада басталды
- авторjambylinfo.kz
- 25 қыркүйек, 2024
- 1.3k
Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған II Республикалық пәндік олимпиада басталды
Бүгін ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың І (мектепішілік) кезеңі басталды. Олимпиадаға 113 мыңнан астам 9-11(12) сынып оқушыларының рекордтық саны тіркелді. Өткен жылға қарағанда қатысушылар саны 34 мыңға оқушыға артты.
Олимпиада 13 пән бойынша, жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттарда өткізіледі:
I кезең (мектепішілік) – 2024 жылдың қыркүйегі;
II кезең (аудандық) – 2024 жылдың қазаны;
III кезең (облыстық) – 2024 жылдың қарашасы;
IV кезең (республикалық) – 2024 жылдың желтоқсаны.
Бұл ретте өткен жылғы олимпиада жеңімпаздары биылғы олимпиаданың республикалық кезеңіне пәндер сәйкестігі бойынша барлық кезеңдерге қатысу шарттарын сақтай отырып, конкурстан тыс қатыса алады.
Мектепегі кезеңіне тіркелу auyl.daryn.kz сайтында өтті, ал кезеңнің өзі 2024 жылдың 28 қыркүйегінде аяқталады.
Естеріңізге сала кетейік, ауыл мектептерінің оқушыларына арналған бұл олимпиада алғаш рет өткен оқу жылында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен өткізілді. Ол Қазақстанның шалғай елді мекендеріндегі дарынды және талантты балалардың қабілеттерін анықтауға және нығайтуға бағытталған. Осылайша, олимпиаданың бірінші жылының қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған ауыл оқушыларының саны 8 есеге жуық артты.
Анықтама үшін: Олимпиада кезінде ауыл оқушылары жан-жақты қолдау тауып, алдағы зияткерлік сайыстарға дайындалу үшін «Дарын» республикалық сырттай мектебіне қабылданады. Айта кету керек, олимпиада жеңімпаздары еліміздің жетекші оқу орындарының гранттарына ие болады.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Сайлау барысындағы мемлекеттік органдардың рөлі
Ұқсас жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024